Англия кубогының финалдық кездесуі жанкүйерлермен өтпек
Англия кубогы-2021 финал кездесуінде көрермендер стадионға келіп тамашалай алады.
Sky Sports басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания заңы спорттық іс-шараларға жанкүйерлерді қосатын бағдарламаны бекіткен болып, онда 15 мамырда Лондонда өтетін финалдық матчқа жанкүйерлерді алаңға кіргізуге рұқсат берілген.
Ресми емес мәліметтерге қарағанда, стадионға кіруі мүмкін жанкүйерлер саны 20 мыңнан аспайды.
Еске салар болсақ, атаулы кубоктың ең кейінгі чемпионы Лондонның «Арсенал» клубы. Канонирлер өткен жылғы финалда «Челси» клубын 2:1 есебінде жеңген болатын.