Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ангела Меркельге AstraZeneca вакцинасы егілді
00:38 / 2021-04-17

Германия канцлері Ангела Меркель AstraZeneca вакцинасымен алғашқы вакцинаны алды, деп хабарлады Германия министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт.

«Мен бүгін AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасын алғаныма қуаныштымын. Вакцинация науқанына қатысқандардың барлығына және вакцина салдырған барлық адамдарға рахмет. Вакцинация - бұл пандемияны жеңудің кілті», - деген Меркель.

Штеффен Зайберттің твиттердегі жазбасында канцлердің вакцина алғандығы жөніндегі  сертификат пен вакцина парағын қоса көрсетілген.

66 жастағы Ангела Меркель бір ай бұрын вакцинамен ектіруге дайын екенін, бірақ өз кезегін күтіп отырғанын айтқан болатын. Қазіргі уақытта Германияда AstraZeneca вакцинасымен 60 жастан асқан адамдар ғана вакцинациялануда.