Андреа Пирло «Ювентус» клубының бас бапкері болды
Пирло 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Ювентус» сапында ойыншы ретінде доп тепкен
Футболдан 2006 жыл Әлем чемпионатының жеңімпазы атанған италияндық спортшы Андреа Пирло туриннің «Ювентус» клубына бас бапкер болды.
Бұған дейін «Ювентус» клубының 23 жасқа дейінгі жастар құрамасына жауапты ретінде тағайындалған 41 жасты маманға енді клубтың негізгі құрамының жаттықтырушы лауазымы табысталған.
Туриндік клуб басшылары бүгінге дейін клубты басқарып келген Маурицио Сарриді Чемпиондар лигасында «Лион» клубына жеңілгеннен кейін өз лауазымынан босатты. Ол клубты 2019 жылдың жазынан қабылдап алып биылғы маусымда Италия «А Сериясының» чемпионы болды.
Пирло 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Ювентус» сапында ойыншы ретінде алаңға шыққан және «Брешия», «Интер», «Реджина», «Милан», «Нью-Йорк Сити» клубтарында доп тепкен.