Андреа Пирло түркиялық клубқа бапкер болды
Италиялық маман Андреа Пирло Түркияның «Фатих Карагюмрук» командасының бас бапкері болды.
Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрік клубы мен итальяндық маман ортасында 2024 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Еске салайық, 43 жастағы итальяндық маман 2020/2021 маусымында «Ювентусты» басқарған болатын. Оның жетекшілігімен туриндік команда Италия кубогы мен суперкубогын жеңіп алды, сонымен қатар А сериясында төртінші орынға ие болды.
2021/2022 маусым қорытындысы бойынша «Фатих Карагюмрук» 57 ұпаймен Түркия чемпионатының турнирлік кестесін сегізінші орында аяқтады.