Андре Шюррле 29 жасында футболдағы мансабын аяқтады
Футболшы карьерасын аяқтауға бір жылдан астам уақыт дайындалғанын айтты
Германия футбол құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андре Шюррле жасыл алаңдағы мансабын аяқтағанын жариялады.
2014 жылда ӘЧ болған Шюррле мансабын аяқтауға байланысты берген сухбатында футбол бутсаларын алдағы уақытта шегеге іліп қоюын айтып, футболдан кету жөнінде шешімге келу үшін бір жылдан астам уақыт дайындалғанын мәлімдеген.
Андре Шюррле «инстаграм» парақшасында жанкүйерлеріне болашақта бизнеске қол ұру ниетінде жүргенін және онда әйелімен бірге осы жұмысты атқару мүмкін екенінде айтып өткен.
Футболшы карьерасындағы соңғы ойындарын «Боруссия Д» клубы сапында өткізді. 2016 жылда «Вольфсбургтан» дортмундтықтар қатарына қосылған Шюррле 2018/19 маусымды «Фулхэмде», ал 2019/20 маусымды Мәскеудің «Спартак» клубында өткізді. Бұған дейін ол «Челси», «Байер Леверкузен» және «Майнц» командаларында доп тепті.
«Челси» сапында ол АПЛ чемпионы атанды. «Вольфсбург» қатарында Германия Кубогы және Суперкубогы жеңімпазы болып, дортмундтықтар мен де кубок иегеріне айналды. Ал 2014 жыл Германия құрамасы сапында Әлем чемпионы болған.