Анчелотти Ла Лигада сәуір айының үздік бапкері атанды
Карло Анчелотти Испания Ла Лигадағы сәуір айының үздік бапкері атанды.
Дауыс саны бойынша «Реал» бапкері Мануэль Пеллегрини (Бетис) пен Кике Санчес Флорестен (Севилья) үздік нәтиже көрсеткен.
Сәуірде мадридтік ойыншылар «Мальорканы» (1:0), «Барселонаны» (3:2) және «Реал Сосьедадты» (1:0) жеңді.
Бұл итальяндық маманның биылғы маусымдағы екінші жеке жүлдесі, бұған дейінгісін тамыз айында алған болатын.