Анапада мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Анапа қаласында Қырым жағалауына жақын жерде 15 желтоқсанда екі танкердің апатқа ұшырауынан кейін мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты 17 желтоқсан, сейсенбі күні төтенше жағдай жарияланды.
«Губернатордың тапсырмасымен оқиға орнында жедел штаб құрылып, салдарын жою бойынша операция жүргізілуде. Құтқару қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігі, казактар және еріктілер жұмылдырылды», – делінген Анапа әкімдігі хабарламасында.
Сонымен қатар, Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевтің Telegram-дағы мәлімдемесіне сәйкес, апат орнында жедел қызметтердің 267 қызметкері жұмыс істеп жатыр, 50 техника тартылған.