Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Анадолы агенттігінің өкілдері ӨзА-да қонақ болды
21:30 / 2024-05-29

Түркияның Анадолы агенттігінің өкілдері – атқарушы кеңес мүшесі, доктор Исмаил Чағлар, басылым және материалдар координаторы Оғыз Каракаш, маркетинг және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Эрман Юксел Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінде қонақта болды.

Екі елдің жетекші ақпарат агенттіктерінің өкілдері арасындағы сұхбат басында  Өзбекстан мен Түркия арасындағы өзара стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолындағы талпыныстар жалғасып жатқаны айтылып, қонақтарға Өзбекстанда түрлі салалармен бірге медиа-кеңістікте болып жатқан оң өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. 

Кездесуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы түрлі салаларда қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқаны, Өзбекстанмен сенімді ақпарат алмасудың маңыздылығы сөз болды.

– Түрік бауырларымыз бен әріптестерімізді көрген сайын қуанамыз. Біз Анадолымен достық, табанды тәжірибені қажет ететін қарым-қатынас орнаттық. ӨзА мен Анадолы Мемлекет басшыларының кездесуінде меморандумға қол қойған, деді Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры Абдусаид Кучимов.

Естеріңізге сала кетсек, агенттіктер арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге 2022 жыл 29 наурызда Ташкентте қол қойылған

– Біз Өзбекстанда, атап айтқанда ӨзА-да болғанымызға өте қуаныштымыз. 104 жасқа толған Анадолы әлемде болып жатқан ең маңызды оқиғаларды жылдам хабарлауда. Біздің ұйымның 39 елдегі 140-тан астам кеңсесінде жүздеген журналистер мен фототілшілер жұмыс істейді, – деді маркетинг және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Эрман Юксел. 

Әңгімелесу барысында қонақтар өз командасы туралы мәліметпен бөлісіп, Анадолу әлемнің Associated Press және BBC сияқты танымал интернет басылымдарының қатарында тұрғанына ерекше тоқталды. Халықаралық аренада әріптестік қарым-қатынасты дамытып келе жатқан түрік басылымы 13 тілде ақпарат таратады және тұрақты түрде халықаралық беделді семинарлар ұйымдастырады. Анадолу агенттігінің бастамасымен өткен жылдың 6 қарашасында Ыстамбұлда түрік елдерінің ақпарат агенттіктерінің альянсын құруға арналған үлкен жиын өтті. Сол кезде тиісті Бірлескен декларацияға Өзбекстанның (UzA), Түркияның (Turkic States AA), Қазақстанның (QazContent), Әзірбайжанның (Azertac) және Қырғызстанның (Kabar) мемлекеттік БАҚ құрылымдарының басшылары қол қойды.

Сұхбат барысында биылғы жылдың 21-23 маусымында өтетін бірлестіктің кезекті отырысының күн тәртібі де талқыланды. Журналистердің жаңалық дайындау әлеуетін арттыру, түрлі тақырыптағы білімі мен тәжірибесін арттыру маңызды екені айтылды. Атап айтқанда, 1-12 шілде аралығында Анкарада әскери журналистиканың қыр-сырын меңгеру бойынша оқыту бастамасы қолдау тапты.

Бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде ақпараттық кеңістіктің маңыздылығына сүйене отырып, Мемлекет басшылары деңгейіндегі іс-шаралардың мазмұнына байыпты көңіл бөлу қажет екендігі айтылды.

 

Б.Худайбердиев, Р.Назарматов (фото), ӨзА