AnadoluJet Анкара-Ташкент бағытында әуе рейсін жолға қойды
18 сәуір күні таңертең жергілікті уақыт бойынша 05:11-де Түркияның AnadoluJet ұшағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Анкара-Ташкент бағыты бойынша алғашқы рейсін жасаған әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағымен Ташкентке 160 жолаушы келді.
Бұл бағыт бойынша рейстер тұрақты түрде аптасына бір рет дүйсенбіде, ал Анкараға сейсенбіде орындалады.
Бүгінде Өзбекстан мен Түркия арасында Ташкент – Ыстамбұл, Самарқанд – Ыстамбұл, Ферғана – Ыстамбұл, Үргеніш – Ыстамбұл, Бұхара – Ыстамбұл бағыттары бойынша аптасына 61 әуе рейсі орындалады.