French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Амудария өзені үстінен өтетін 413 метрлік көпірдің құрылысы басталды
17:26 / 2020-12-22

Амудария өзені үстінен өтетін көпір ұзындығы 413 метр болып, ол Хорезм облысын Қарақалпақстан Республикасымен байланыстыратын болады.

2020 жылдың 12-13 желтоқсанында Президент Шавкат Мирзияев Хорезм облысына жасаған сапары барысында Хорезм облысын Қарақалпақстан Республикасымен байланыстыратын Амудария арқылы 413 метрлік көпір салуды және Қараөзек ауданынан Шовот ауданына дейін 79 км теміржол салуды тапсырған болатын.

Бүгін Амудария арқылы өтетін көпірдің іргетасы қаланып, құрылысының басталуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шараға ӨР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов, Хорезм облысы әкімі Фархад Ерманов, Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Мұрат Камалов, ҚР Министрлер Кеңесінің төрағасы Кахрамон Сариев және басқалар сөз сөйлеп, атаулы көпірдің тек екі аймақ үшін ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды екенін атап өтті.

Жаңа көпірдің құрылысы Ресей мен Қазақстаннан жүк тасымалдау қашықтығын 240 шақырымға және тасымалдау уақытын 6 сағатқа қысқартады. Осылайша, жүк өткізу қабілеті екі есеге артып, жылына 25 миллион тоннаға жетеді. Соның арқасында осынау аймақтадың дамуы мен экономикалық тиімділік жылына 100 млрд сумға өспек.

Екі аймақты байланыстыратын өзен үстінен өтетін алып көпірде теміржол және автокөлік дәлізі пайда болып, құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.