Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Амитабх пен Абхишек Баччан коронавирус жұқтырды
11:51 / 2020-07-12

Атақты үнді актері Амитабх Баччан және оның ұлы Абхишек Баччан коронавирусқа шалдығып ауруханаға түсті


Атақты үнді актері Амитабх Баччан және оның ұлы Абхишек Баччан коронавирусқа шалдығып ауруханаға түсті.

«Мендегі тест сараптама оң нәтиже көрсетіп, ауруханаға жатуға мәжбүр болдым. Отбасымдағыларда қазірде сынаманың жауабын күтуде. Менімен 10 күн ішінде жақын байланыста болған барлық жандардан сұрайтыным сізде тест тапсырыңыз!», деп жазады 77 жасты актер өз «Twitter» парақшасында.

Осы жағдайдан бірнеше сағат өтіп актердің ұлы Абхишек Баччан да коронавирусқа шалдыққаны анықталып, ол да емханаға жатқызылған. Абхишектің айтуынша «уайымдуға қажет жоқ, менде аурудың жеңіл симптомдары анықталған» деген.

Амитабх Баччан кинодағы шығармашылық ғұмырында 180-нен астам фильмге түсіп, «үнді Оскары» аталатын «Filmfare Awards» марапатының 15 рет жеңімпазы болған. Болливудтың екінші буын кинокорольі қазірде «Миллион кімге бұйырады» телешоуының үнді нұсқасын басқарады.

Әке жолын қуған Абхишек Баччан да болливуд әлемінде өзінің қайталанбас туындыларымен көрермен ықыласына бөленіп, «үнді Оскары» яғни «Filmfare Awards» сыйлығына 3 рет лайықты деп табылған.