Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Американдық танымал тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды
22:33 / 2021-01-23

Белгілі американдық тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында қайтыс болды. Ол бірнеше күн бұрын коронавирус диагнозымен Лос-Анджелестегі ауруханалардың біріне жатқызылған еді.

Марқұмның өмірден өкені жайлы хабар оның Twitter-дегі парақшасында хабарланды. 

Америка журналистикасының майталманы Ларри Кинг өзінің мансабын өткен ғасырдың 50-ші жылдарында бастаған болып, білікті тележүргізушілердің жетіспеушілігенен күніне бірнеше рет эфирге шыққан. Ол өзінің ең танымал жобасы – «Ларри Кинг Live» бағдарламасы арқылы көптеген ықпалды саясаткерлермен сұхбат жасаған. CNN телеарнасында 1985-2010 жылдар аралығында эфирге шыққан бағдарлама Гиннестің рекордтар кітабына жүргізушісі ең ұзақ уақыт бойы басқарған шоу ретінде енді.