Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Американдық компания коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін тоқтатты
09:36 / 2022-02-09

Американдық Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін тоқтатты.

The New York Times-тың хабарында, Johnson & Johnson 2021 жылдың соңында Ковид препаратын өндіретін Нидерландының Лейден қаласындағы зауытын жапқаны айтылады.

Кәсіпорынның тоқтауы уақытша. Осы үзілістен кейін зауытта вакцина өндірісі қайта басталады. Компания наурыз айында Лейден қаласында препараттың өндірісін қайта бастауға дайын, деп жазған газет.

Пандемия өршіп тұрған кезде мұндай үзіліс Johnson & Johnson вакцинасының жеткізілімін бірнеше жүз миллион дозаға қысқартуы мүмкін. Осы жағдайға байланысты копанияның бұл әрекетіне наразылық білдіргенде де болды.

«Қазіргі дамыған заманда адамдар өмірін қауіпте қалдырып, өнім түрлерін ауыстыратын уақыт емес», - деген Африка Одағының вакциналарды жеткізу бағдарламасының жетекшілерінің бірі Айоаде Алакиджа.