Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Американдық гипер дыбысты зымыранның сынағы сәтсіз аяқталды
13:21 / 2021-07-30

Американдық AGM183A ARRW гипер дыбысты зымыранының екінші сынағы сәтсіз аяқталды.

АҚШ әуе күштерінің хабарлауынша, Калифорния штатының Пойнт Магу әуе базасында зымыран ұшақтан қауіпсіз түрде бөлінгеннен кейін (B-52H бомбалаушы) оның қозғалтқышы іске қосылмаған.

«Зымыран әдеттегідей ұшақтан бөлініп кетті ... Бірақ зымыран қозғалтқышы жанған жоқ», - делінген хабарламада.

Жобалық мәліметтерге сәйкес, AGM183A гипер дыбыстық зымыраны әуеде ұшырылатын жылдам әрекет ету қаруы (ARRW) бағдарламасы бойынша жасалған болып, ол 1000 миль (1600 км) қашықтыққа ұшады.

Хабарда айтылуынша сынақ кезінде барлық мақсат орындалмағанымен, бағдарлама алға жылжып келе жатқанын білдеретін бірнеше жаңа мүмкіндіктер көрсеткен.

AGM183A гипер дыбысты зымыранының алғашқы сынағы 5 сәуірде өткен еді. Алғашқы сынақ кезінде зымыраны ұшыру алдындағы операциялар тізбегін аяқтай алмаған болатын. Өйткені зымыран техникалық ақауларға байланысты В-52 Stratofortress бомбалаушыдан бөлінбеген.