Американдық аниматроникалық инженерлер роботы дельфин жасады
АҚШ-та кәдімгі дельфиннен айнымайтын робот дельфин жасалды
Американдық аниматроникалық инженерлер кәдімгі дельфиннен айнымайтын робот дельфин ойлап тапты. Ол суда жүзеді, сақиналар арасынан секіреді және акробатикалық трюктерді орындайды.
«Arynews» телекомпаниясының хабарлауынша, робот дельфинді жасау барысында медициналық силикон қолданылған. Оның жаратылысы робот боса да, оны цирк қойылымдарында және дельфинариум шоуларға қатыстыруға болады.
«Edge Innovations» бас директоры Уолт Контидің айтуынша әлемдегі дельфинариумдарда шамамен 3 мыңға жуық дельфин тұтқында ұсталады. Ал, медициналық силиконнан жасалған роботтың көмегінде тірі жануарлармен шоу көрсетуге тыйым салынған цирк алаңы мен бақтарда қойылымдар ұйымдастыруға болады, -дейді.
Ғажайып робот дельфиннің ұзындығы 2,5 метр, салмағы 250 келіні құрайды және оны оператор радиоарна арқылы басқарады. Ол Калифорнияда сынақтан өткен және тұтқында сақталатын шынайы дельфиндердің орнын басуға әбден мүмкін екені айтылуда.