Америкалық Олимпиада жүлдегері 33 жасында қайтыс болды
Америкалық жеңіл атлет, Олимпиада жүлдегері Тори Боуи 33 жасында қайтыс болды.
Icon Management спорт агенттігі хабарлауынша, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған спортшының өлім себебі жарияланбаған.
Спортшы 2016 жылы жазғы ойындарда әріптестерімен бірге 4х100 метрлік эстафетада жеңіске жеткен.
Сонымен қатар, Тори екі дүркін әлем чемпионы және бір дүркін қола жүлдегер.