Америкалық мәнерлеп сырғанаушы тарихта алғаш рет төрттік аксельді орындады
Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин тарихта алғаш рет төрттік аксельді мінсіз орындады.
17 жасты жас спортшы мұны Лейк-Плэсидте (Нью-Йорк, АҚШ) өткен US International Classic турнирінде паш етті. Оның алдында бұл секіруді ешкім таза орындай алмаған. Сондықтан болса керек төрешілер ол үшін Малининге 13,50 ұпай берді (базалық ұпай 12,50 + 1,00 GOE).
Мәнерлеп сырғанауда жекелей сында Малинин 185,44 ұпай жинады. Бұған дейін ол қысқа бағдарламада 71,84 ұпай жинаған болатын. Екі ұпай қосындысында Ильяның жалпы нәтижесі 257,28 ұпайды құрады.