Америкалық компания Өзбекстанның ұшақтарына қызмет көрсетеді
Америкалық Sierra Nevada Corporation компаниясы АҚШ Әскери-әуе күштерімен Өзбекстанға арналған ұшақтарды қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету бойынша келісім-шартқа отырды.
Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады.
Келісімге сәйкес, 64,24 миллион долларлық тапсырыс бойынша ұшақтарды техникалық қалыпқа келтіру, сала мамандарын қолдау және алты PC-12 ұшағына логистикалық көмек көрсетіледі. Өзбекстанда жүргізілетін жұмыстар 2027 жылдың 7 тамызына дейін аяқталуы тиіс.
Жоба АҚШ-тың сыртқы әскери сауда бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
2021 жылдың қараша айында «Uzbekistan Airways» Ұлттық авиакомпаниясы швейцариялық Pilatus Aircraft өндірушісінің бірінші Pilatus PC-12 ұшағының қызметін жолға қойған. Бір қозғалтқышты турбовинтті ұшақ әдетте корпоративтік немесе аймақтық реактивті ұшақ ретінде пайдаланылады.