Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Америкалық ғалымдар COVID-19-ға қарсы «суперантидене» тапты
18:33 / 2021-07-16

Сиэтлдегі онкологиялық зерттеулер орталығының биохимигі Тайлер Старр бастаған американдық ғалымдар тобы SARS-CoV-2-нің әр түрлі түрлерімен ғана емес, коронавирустық инфекция штамдарымен де күресетін антидене тапты.

Nature басылымындағы хабарға сай, ғалымдар SARS-CoV-2 және SARS-CoV жұқтырған адамдарда пайда болған 12 антиденені зерттеген. Антиденелер вирустық ақуыздың адам жасушасындағы рецепторлармен байланысқан бөлігіне жабысады екен, оны байланыстырушы домен деп те атайды.

Содан кейін ғалымдар COVID-19 әр түрлі штамдарының домендеріндегі мыңдаған мутациялар тізімін және сарбековирус тобындағы ұқсас инфекциялар тізімін жасады. Бұл талдау антиденелердің бірінің (S2H97) барлық ұқсас қоздырғыштардың домендеріне қосылу және оларды тірі жасушаларда бейтараптандыру қабілетіне ие екендігін көрсекен.

АҚШ ғалмдары қазірше S2H97 жаңа штамдардан да қорғай алады дегенге әлі дайын емес. «Дегенмен ол барлығына сөзсіз төтеп бере алады», - деп қорытындылаған мамандар.