Америкалық футболшы спорт тарихындағы ең үлкен келісімшартқа қол қойды
Спортшы 10 жылдық келісім-шартқа орай спортшы 503 млн доллар алатын болады.
АҚШ-тың «Канзас-Сити» ұлттық футбол лигасы (NFL) клубының жартылай қорғаушысы Патрик Махоумс спорт тарихындағы ең үлкен болған келісімшартқа қол қойды. 10 жылдық келісім-шартқа орай спортшы 503 млн доллар алатын болады.
24 жастағы Патрик Махоумс қол қойған бұл келісім 2022 жылдан өз күшіне енеді. Бұған дейін оның клубпен жасаған келісімі 2021 жылға дейін жасалған болып, футболшы екі маусым бойы 27,6 млн доллар алады.
Спорт тарихындағы бұған дейін жасалған үлкен көлемдегі келісімшарт 2019 жыл 430 млн долларға жасалған. Онда американдық кәсіпқой бейсболшысы Майк Траут «Лос-Анжелес Энжелс» клубында 12 жыл ойнауға келісікен.