Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Америкалық фокусшы үлкен шарлар көмегінде 7,5 шақырым биіктікке көтерілді
01:27 / 2020-09-05

Америкалық танымал фокусшы Дэвид Блейн үлкен шарлар топтамасымен Аризона шөлі үстінен ұшып өту уақытында 7,5 км биіктікке көтерілді


Америкалық танымал фокусшы Дэвид Блейн үлкен шарлар топтамасымен бір сағат бойы Аризона шөлі үстінен ұшып өту уақытында 7,5 км биіктікке көтерілді.

47 жасты фокусшы бұл трюкін өміріндегі «ең күрделі әрі революциялық ерлік» деп атап, оны 9 жасар қызына арнаған. Ол гелиймен толтырылған 52 түрлі өлшемдегі шарлармен 7,5 км көкке көтеріліп, парашютта түскен видеосын өзінің «Youtube» арнасында жариялады.

Дэвид Блейн бұл трюкті орындауына бала күнгі арманы арқау болғанын айтады. Онда ол жас кезінде көрген мультфильмінде балақай әуе шарларымен көкке көтеріліп баражатқан бейнесі оған осы көріністі өмірде орындауға шабыт сыйлағанын айтып, тоғыз жыл бұрын қызы өмірге келісімен Дэвид бұл трюкті орындауға дайындалады. Жылдар бойы әуеден парашютта секіруді орындап кәсіби мамандықты игеріп және тыныс алу жаттығуларын жақсы орындап соңында бала күнгі арманын жүзеге асыралды.