Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Америкалық агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады
12:02 / 2019-12-10

ҚР Премьер-Министрі АҚШ-қа жасаған сапары аясында, аса ірі ет өнімдерін өндіруші - «Tyson Foods» компаниясының басшылығымен келісім жасасқан


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат» бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі АҚШ-қа жасаған сапары аясында, аса ірі ет өнімдерін өндіруші - «Tyson Foods» компаниясының басшылығы - президенті Н. Уайтпен және директорлар кеңесінің төрағасы Д. Тайсонмен кездесіп, келіссөзінің қорытындысы бойынша, Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол жеткізген.

Бұл құжат бірінші кезеңде ҚР-да қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды қарастырады. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді. Осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін 1 млрд доллардан астам сомаға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.