Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Америкада «Boeing 737» ұшағы өзенге құлады
13:31 / 2019-05-04

АҚШтың Джексонвилл қаласындағы өзенге 136 жолаушысы бар Boeing 737 ұшағы құлады.


АҚШтың Джексонвилл қаласындағы өзенге 136 жолаушысы бар Boeing 737 ұшағы құлады. 

Бұл жайында Джексонвилл қаласы мэрі Ленни Кэрри өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялаған. «Болған жағдайға байланысты құрбандар жоқ, аздап жарақат алғандарға жедел түрде көмек көрсетілетін болады»- дейді Джексонвилл қаласы шерифі.

Miami Air әуекомпаниясының арнайы комерсиялық рейсі АҚШтың Кубадағы Гуантанамо әскери базасынан ұшып келе жатқан еді. CNN арнасының мәліметінше, ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетуінің нәтижесінде өзенге құлаған. 

D5sOv2GWkAA31Hw.jpg

Осыған дейін де Boeing компаниясының ұшақтары құлауы нәтижесінде қаншама адамдардың бйемезгіл өліміне себеп болған еді, содан кейін бірнеше мемлекет бұл ұшақтарды пайдаланудан бас тартқан болатын. Мына жағдайдан кейін Boeing компаниясы тиісі шаралар қолданбайтын болса, әлем базарында ұшақтарының саудасы жүрмеуі әбден мүмкін.