Аргентина футбол бойынша Америка кубогы – 2021 турнирін ұйымдастыру құқығынан айырылды.
Тарихта 47 рет ұйымдастырылып жатқан құрлықтық турнирдің басталуына екі апта қалған кезде қабылдайтын тарап белігсіз қалуда.
Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (Conmebol) мәліметінше, Аргентинада коронавирустық жағдайдың ушығуына байланысты турнирді өткізу құқығынан айырылған.
Conmebol турнирді өткізуге мүдделі басқа елдердің ұсыныстарын қарастырып, соңғы шешім алдағы уаққытта жарияланатын хабарлаған.
Кейбір басылымдардың дерегінше допты дода АҚШ-та өтуі мүмкін. Бірақ Conmebol бас хатшысы Гонсало Беллозоның мәліметінше, өткен аптада ұйым Чили басшыларымен бірнеше матчтарды сол жерде өткізу мүмкіндігін талқылаған.
2020 жылда Аргентина мен Колумбияда өтуі тиіс болған турнир коронавирусқа байланысты 2021 жылға қалдырылды. Ал, 2021 жыл 21 мамыр күні Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы Колумбияда орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты бұл елде турнирді өткізуге тиым салған еді. Енді жарыс Аргентинада да өтпейтін болды.
Осылайша футбол тарихында 47 рет ұйымдастырылып жатқан құрлықтық турнир басталуына екі апта қалған кезде қабылдайтын тарап белігсіз қалуда.
Еске сала кетейік, турнир 13 маусым мен 10 шілде аралығында өтуі жоспарланған.