Америка кубогы: Аргентина жартылай финалға шықты
Оңтүстік Америка жасыл алаңдарында өтіп жатқан футбол ойындарының кезекті кездесулері өтті.
Оңтүстік Америка жасыл алаңдарында өтіп жатқан футбол ойындарының кезекті кездесулері өтті.
«Америка кубогының» кезекті мәрте ұйымдастырылған ойындарын өз елінде қабылдап жатқан Бразилия «А» тобынан 7 ұпаймен бірінші орында шықты.
«Б» тобынан Колумбия толық 9 ұпайлық үстемдікпен жеңіп келесі кезеңге жол алса. Ал Аргентина топтық кезеңдегі ойындарын Қатарды 2:0 есебінде жеңіп 4 ұпаймен екінші орынмен аяқтады.
«С» тобындағы ойындардың 3-ші кездесулері бүгін өтеді. Қазірге дейін топтық кездесулер нәтижесі бойынша 3 орын иегерлері «А»-тобынан Перу, «Б»-тобынан Парагвай келесі кезеңге өткен болса, «С»-тобында дәл қазіргі сәтте Жапония иеленіп отыр. Бірақ бүгін кешке өтетін Жапония-Эквадор кездесуінен кейін нақты қай команда келесі кезеңге өтуі анықталады.
Қатар және Боливия елдері «Амеика кубогы» ойындары аясында өз топтарынан шыға алмай, келесі кезеңге өтпеді.



