«Америка кубогының» алғашқы кездесулері аяқталды
Футболдан Оңтүстік Америка құрлығында өтіп жатқан «Америка кубогның» алғашқы кездесулерін «Чили» мен «Жапония» құрамалары аяқтап берді.
Футболдан Оңтүстік Америка құрлығында өтіп жатқан «Америка кубогның» алғашқы кездесулерін «Чили» мен «Жапония» аяқтап берді.
Құрама командалардың алғашқы кездесу ойындарын «Чили» мен «Жапония» аяқтап, америка құрлығы футболшыларының ірі есептегі жеңісімен бітті.
Алғашқы тайм бастапқы кезінде жапондар жақсы ойын көрсеткендей болғанымен, «Чили» ойыншылары жапон қақпашысының назік тұсын байқап үзіліске дейін 41 минутта есеп ашып үлгерді.

Екінші бөлімде «Чили» жауапсыз тағы 3 гол соқты. Сонымен таблодағы көрсеткіш 4:0 есебінде аяқталды.
Голдарды Антонио Пульгар (41' мин), Эдуардо Варгас (54' мин), Алексис Санчес (82' мин), Эдуардо Варгас (83' мин) соқты.
Бірінші кезең бойынша кездесулер нәтижесі күтпеген қызықтарға толы болды. Аргентина құрамасы Колумбияға жеңілсе, Азия құрлығынан қонақ ретінде қатсып жатқа Қатар елі Парагвайдан жеңіліп жатып ойынның соңғы сәттеріне дейін тапжылмай ойнағанының арқасында кездесуді тең нәтижемен аяқтады.

«Бразилия» - «Боливия» 3:0
«Венесуэла» - «Перу» 0:0
«Аргентина» - «Колумбия» 0:2
«Парагвай» - «Қатар» 2:2
«Уругвай» - «Эквадор» 4:0


