Amazon компаниясында тарихтағы ең ірі ереуіл басталды
Amazon компаниясының тауарларды тарату бойынша жеті орталығының қызметкерлері 19 желтоқсан күні ереуілге шықты.
CNN мәліметінше, компания жүргізушілері де ереуілге қосылған.
Наразылық шараларына Нью-Йорк, Атланта және Сан-Франциско сияқты ірі қалалардағы Amazon компаниясының орталық қызметкерлері қатысуда.
Amazon Teamsters кәсіподағы компания өкілдерін келіссөздерге шақырып, жұмысшылар үшін жақсы жағдай жасауды талап етуде.
Кәсіподақтың хабарлауынша, олар Amazon компаниясының 10 мыңға жуық қызметкерінің мүддесін қорғап отыр. Бұл компанияның АҚШ-тағы жалпы жұмыс күшінің 1 пайыздан аз бөлігін құрайды. АҚШ-тағы Amazon тарату орталықтарының саны 600-ден асады.
Amazon компаниясы бұл ереуіл мерекелік маусымдағы тапсырыстардың көптігіне қарамастан, жеткізу уақыттарының ұзаруына әкелмейді деп тұтынушыларды сендіріп отыр.