Amazon компаниясы төлем жүйесін қол саусақтары арқылы жүзеге асырмақ
Мұндай жүйеде жұмыс жасайтын терминалдар ең бірінші адамдар көп шоғырланатын орталарда орнатылатын болады
Әлемдік интернет дүкендер желісіндегі жетекшілік етуші Amazon компаниясы тауарлар төлемін карталық жүйеден қол саулақтары арқылы жүзеге асыру технологиясын енгізбек.
The Wall Street Journal-ның хабарлауынша Amazon жаңа түрдегі терминалдарды ресторан, сауда орталықтары мен кофеханаларға және пластикалық карталармен тұрақты төлем жасайтын клиенттері бар басқа мекемелерге өз қызметтерін ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл түрдегі терминалдардан тұтынушы алғашқы рет пайдаланған кезде, апарат адам алақанын сканерлейді және ол биометриялық мәліметтерді банктегі есепшотыңызға біріктіреді. Содан кейін сіз тауарды сатып алу үшін қолыңызды экранға тигізсеңіз жеткілікті. Апарат сіздің шотыңыздан ақша шешіп алады.
Қазіргі уақытта компания байланыссыз биометриялық жұйені патенттеу үшін өтініш білдірген. Терминалдар арқылы енгізілген мәліметтер Amazon-ның мәліметтер базасында сақталатын болады. Бұл жүйені компания Visa мен бірге жүзеге асырмақ.