Аманда Анисимова WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды
Қатар астанасы Доха қаласында теннистен WTA 1000 санатына жататын турнир өз мәресіне жетті.
Финалдық кездесуде WTA рейтингінде 41-орында тұрған америкалық Аманда Анисимова әлемнің 37-ракеткасы латвиялық Елена Остапенкодан басым түсіп, 6/4, 6/3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол алғаш рет WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды.
Анисимова бұл жеңісімен теннисшілер арасындағы өзара кездесулердегі есепті теңестірді – 1:1. Бір апталық тартысты ойыннан кейін ол 1000 рейтинг ұпайы мен 597 000 АҚШ долларына қол жеткізсе, Остапенко 650 ұпай және 351 801 доллар көлемінде жүлде қорының иегері атанды.