Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алжирдегі орман өртінен 34 адам қаза тапты
16:02 / 2023-07-26

Африканың солтүстігіндегі Алжир елінде жалғасып жатқан орман өрті 34 адамның өмірін қиды.

«Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат елдің 11 ауданын қамтыған. Бұған дейін өрттен 25 адамның, оның ішінде 10 сарбаздың қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта өртті жою шаралары жүргізілуде. Апатқа қарсы күреске авиация жүйесі тартылған.

Алжирдің солтүстігіндегі өртпен күресу аномальды ыстыққа байланысты қиындап барады. Осы күндері ауа температурасы 50 градусты көрсетуде.

Үкімет елдегі қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін енгізген.