Алжирдегі орман өрті: Төрт адам көз жұмды
Алжир астанасы Алжирдің шығысындағы таулы аймақтарда өршіген орман өртінен төрт адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды.
Reuters-тің хабарлауынша, өрт ел астанасынан 100 шақырымдай жердегі Тизи-Удзоу провинциясының таулы аудандарда тұрғындар қоныстанған маңға қауіп төндіріп, үйлер өртенген. Соның салдарынан адамдар шұғыл түрде эвакуацияланған.
Мәліметтер бойынша, орман өртінен төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тікұшақтармен өртті сөндіруде.
Естеріңізге сала кетейік, Грекияда бірнеше күн бойы 500-ден астам өрт болды. Бұрын -соңды болмаған аптап ыстық пен ұзақ ай құрғақшылықтан туындаған өртті сөндіру қазір өте қиынға соғуда.