Алжирдегі орман өрті салдарынан 26 адам қаза болды
Алжирдің солтүстік-шығысын шарпыған орман өртінен 26 адам қаза тапты.
Елдің Ішкі істер министрі Камел Белджудтың айтуынша, Эль-Тарф провинциясында 24 адам, ал Сетифте тағы екі адам қайтыс болды.
Оның айтуынша, 2400 гектар орманды алқап жанып кеткен.
Бұдан бөлек, ондаған адам жарақат алған. Сондай-ақ, Алжирдің әртүрлі аймақтарындағы орман өрттеріне байланысты 350-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Соңғы күндері Алжирде ауа температурасының 47 градустан асқан болып, тамыз айының басынан бері елдің көптеген қалаларында 106 орман өрті тіркелген.
Елдің Азаматтық қорғаныс агенттігі Эль-Тарфты 16 өрттен ең көп зардап шеккен провинция деп жариялады. Жалынды сөндіруге өрт өшірушілер тікұшақтарды жұмылдырған.