Алжирде қазіргі президент қайта сайланды
Алжирдің қазіргі президенті Абдельмаджид Теббун президенттік сайлауда 94,65 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Бұл туралы Тәуелсіз Ұлттық сайлау басқармасының басшысы Мұхаммед Шерафи баспасөз мәслихатында жеңімпаздың айқын басымдықпен қайта сайланғанын хабарлады.
«Тыныштық қоғамы үшін қозғалыс» ислам партиясының кандидаты Абдулали Хассани Шариф 3,17 пайыз, Социалистік күштер қозғалысының бас хатшысы Юсеф Уушиш 2,16 пайыз дауыс алып, келесі орындарға ие болды.
Басқаруды тағы бір мерзімге жалғастыру үшін тәуелсіз кандидат ретінде ұсынылған Теббунды әскер, бұқаралық ақпарат құралдары, діни қауымдар, жұмыс берушілер және кейбір саяси партиялар қолдаған.