Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алжирдің солтүстігінде тікұшақ апатынан үш сарбаз қаза тапты
10:04 / 2023-01-24

Алжирдің солтүстігіндегі Айн-Дефла провинциясында тікұшақ апатқа ұшырап, үш сарбаз қаза тапты.

Елдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні кешкі уақытта болған.

«Жоспарлы оқу-жаттығу миссиясын орындау барысында Әскери-әуе күштерінің Ми-171 тікұшағы 23 қаңтарда түнде Айн-Дефла провинциясындағы Эль-Аттаф (қала - ред.) маңында апатқа ұшырады, нәтижесінде тікұшақ экипажы - полковник Манари Мурад, майор Дахмани Мұса Мұхаммед және сержант Шабуа Усама қаза тапты», - делінген Алжир қорғаныс министрлігі хабарында.