Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ғалымдар ғимарат қабырғасын салқындатқыш бояу жасады
11:43 / 2020-10-26

Инновациялы бояу 95 пайыз күн сәулесін кері қатару мүмкіндігіне ие


АҚШ-тың Пердью университеті ғалымдары осы технологияның негізінде ғимараттың ішін салқындатуға мүмкіндік беретін бояу жасады. Инновациялы бояу 95 пайыз күн сәулесін кері қатару мүмкіндігіне ие.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай бояудың түрімен боялған үйді ол салқындатады және жаз мезгілінде үй ішін салқындату құнын төмендетеді. Сонымен қатар осы бояумен әрленген үйде кондиционердің қызметіне көп қадеттілік туындамайды», - дейді.

Олардың пікірінше, бұл секілді бояулар бұған дейінде пайда болған, бірақ олар күн сәулесін мына секілді жоғары деңгейде шағылыстыра алмаған. 

WX39-9aieZf4G6W0_oYuAHw9wPJI-wmm.jpg

Бояудың құрамында кальций карбонатынан тұратын толтырғышы бар болып, ол салыстырмалы түрде арзан және ультракүлгін сәулеленуді аз сіңіреді. Оның құрамында кальций карбонатының 60 түрлі өлшемді бөлшектері бар екендігінің арқасында, олар күн сәулесін тиімді шағылыстырады және ұзақ уақыт салқындатады.

Зерттеу тобы жаңа бояуды екі күн бойы ашық алаңда сынақтан өткізіп оның қапталған материалы қоршаған ортаның температурасынан 1,7 градусқа салқындағанын анықтады. Ал, түнгі уақытта бұл материал сыртқы температурадан 10 градусқа суық екені байқалған.