Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аляскада экскурсиялық ұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза болды
12:57 / 2021-08-06

Аляскада оңтүстік -шығыс авиациялық «Havilland Beaver» ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 6 адамның барлығы көз жұмған.

Alaska Public Media жергілікті басылымның хабарлауынша, оқиға жайлы құтқарушылар сигналды бейсенбіде шамамен жергілікті уақыт бойынша 11:20 алған, алайда, ауа райының қиын болуына байланысты олар апат орнына 14:30 жеткен.

Ұшақ Кетчикан қаласынан 12 шақырым жердегі «Тұманды Фьорд» ұлттық қорығының аймағындағы суға батып кеткен. Құтқарушылар ұшақтағы адамдардың ешқайсысы - бес жолаушы мен ұшқыш аман қалмағанын хабарлады.

Оқиғаның себебі туралы әлі хабарланған жоқ, бірақ жағалау күзеті ауа-райы тұманды және жаңбыр жауғанын мәлімдеген.

AP агенттігінің хабарлауынша, ұшақтың жолаушылары Кетчиканға Holland America Line Nieuw Amsterdam круиздік кемесімен келген.