Аляскада екі ұшақтың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты
АҚШ-тың Аляска штатында екі шағын ұшақтың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты
АҚШ-тың Аляска штатында екі шағын ұшақтың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты, олардың арасында – штат төменгі палатасының мүшесі депутат Гари Нопп та болған. Бұл туралы «Anchorage Daily News» хабарлайды.
Оқиға 31 шілде, жұма күні таңертең Кенай түбегіндегі Солдотна әуежайының жанында болған. АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің мәліметі бойынша, бір қозғалтқышты «»De Havilland DHC-2 Beaver» ұшағы әуеде соқтығысқан, (екінші ұшақ моделі анық емес). Нәтижесінде қайғылы оқиға болған жерде алты адам қайтыс болды, бір азамат ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Қайтыс болғандардың ішінде екінші әуе кемесіндегі жалғыз жолаушы болған 67 жастағы жергілікті заң шығарушы орган депутаты Гарри Нопп болған. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты саясаткердің әріптестері растады. Әйелі ол шынымен таңертең өз ұшағында ұшқанын айтқан.
Қазіргі кезде Федералдық авиация әкімшілігі мен ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұшақтың апатқа ұшырау фактісін тергеуге кіріскен.