English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аляскада АҚШ әскери-әуе күштерінің екі тікұшағы соқтығысып, үш сарбаз қаза тапты
15:42 / 2023-04-28

АҚШ-тың Аляска штатында екі америкалық AH-64 Apache шабуылдау тікұшағы соқтығысуы салдарынан борттағы үш сарбаз қаза тауып, тағы біреуі жараланды.

Associated Press басылымының хабарлауынша, екі ұшқыш Хили мекені маңында оқиға орнында, үшінші ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Төртінші сарбаз жараланып, госпитальға жеткізілген.

Апат тікұшақтар оқу-жаттығу рейсінен қайтып келе жатқан кезде орын алған. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.