Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес хирургиялық отадан кейінгі оңалту кезеңіне байланысты вакант тұрған IBF чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке қатыса алмайды.
Bloody Elbow басылымының хабарлауынша, аталған чемпиондық белбеу кәсіби мансабын жеңіліссіз аяқтаған Теренс Кроуфордтан кейін бос қалған болатын.
Бұған дейін IBF Альварес пен міндетті үміткер, кубалық жеңіліс көрмеген Ослейс Иглесиас арасында бос қалған белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастырылатынын мәлімдеген еді. Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде Кроуфордтан алған жеңілістен кейін шынтағына операция жасатқан Альварес оңалту процесіне байланысты бұл кездесуді өткізіп алуға мәжбүр.
Осылайша, суперорта салмақта вакант тұрған IBF белбеуі үшін Иглесиасқа қарсы жекпе-жекке келесі ықтимал үміткер ретінде Сауль Альварестің отандасы Хайме Мунгия қарастырылып отыр. IBF рейтингінде келесі орынға жайғасқан Мунгия 2024 жылдың мамыр айында «Канелоға» жол берген болатын.