Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алтын құймасын банк мобильді қосымшасы арқылы сатып алу тәртібі бекітілді
16:39 / 2025-11-05

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінде «Банктердің қымбат бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы» ереже мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

Жаңа ереже бойнша банктерге, соның ішінде микрокредиттік банктерге қымбат металдармен операцияларды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Ережеге сәйкес, қымбат металдармен келесі операцияларға рұқсат берілген:

Атап айтқанда, клиенттерге өлшемді алтын құймасын банктің мобильді қосымшасы арқылы сатып алу және сату, сондай-ақ банктерге өлшемді алтын құймасын Орталық банк арқылы сатып алу және сатуға рұқсат берілген.

Сонымен қатар, қымбат металдарды электрондық түрде сату және қайта сатып алуға рұқсат берілді.

Операциялар банктің мобильді қосымшасы арқылы ұсыныс шартын (оферта) растау арқылы жүзеге асырылады.

Төлем сәтті аяқталғаннан кейін, клиенттің мобильді қосымшасында сатып алынған алтын құймасының «құпия коды» көрсетіледі.

Клиентке құйманы алу үшін банктен жеке басын куәландыратын құжат және қосымша арқылы алынған «құпия кодты» ұсыну қажет.