Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық конференциялар сарайында Өзбекстан Журналистер одағы дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Алтын қалам» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
[gallery-11874]
2023 жылдан бастап «Алтын қалам» байқауының ынталандыру номинациялары 5-тен 12-ге дейін ұлғайтылды.
Оған сәйкес, Бас жүлде иегеріне автокөлік берілетін болды. 1-орын иелеріне Өзбекстандағы базалық есептік көрсеткішінің (БЕК) 160 есесі, 2-орынға 140 еселеген, 3-орынға 120 еселенген БЕК беріледі. Сондай-ақ ынталандыру номинациясы бойынша жеңімпаздарға берілетін ақшалай мөлшерлеме базалық есептік көрсеткіштің 50 еседен 100 есесіне дейін ұлғайтылды.
Салтанатты шарада теледидар, радио, баспа БАҚ, интернет-басылымдардың барлық номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы мүсінше, ақшалай сыйлық және дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.
Айтулы шараға Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары К.Алламжонов, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Ш.Асадов қатысты.
суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА