Назар аударыңыз, хабарландыру!
Өзбекстан Журналистер одағы ұлттық және халықаралық журналистиканың ең озық жетістіктерін кеңінен насихаттау, Жаңа Өзбекстан рухына сай жаңаша ойлауды қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды орнықтыру, халықтың ақпарат саласындағы құқығын қамтамасыз ету, адамдардың түсінігін арттыру, қоғамдағы ашықтық пен жариялылық атмосферасын нығайту, БАҚ қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымын танытуына жағдай жасау және қалыптастыру және журналистердегі сыни-аналитикалық ойлау мен қатар шығармашылық қызметке жаңаша көзқарастарды қалыптастыру мақсатында, «Алтын қалам» XVII Ұлттық сыйлығы үшін халықаралық байқау жариялайды.
Байқауда бір ұлттық бас жүлде және бес негізгі бағыт – теледидар, радио, баспа басылымдары, интернет-журналистика (әрбір бағыт бойынша 1, 2, 3 орындар) және шетелдік журналистің Өзбекстан туралы үздік материалы бойынша (баспа басылымдары, ТВ, интернет – бір бірінші орын, 4 екінші орын) өтеді.
Сондай-ақ мына ынталандыру номинациялары бойынша ұйымдастырылады.
1. «Адамға назар аудару тақырыбындағы ең үздік материалдар үшін»
2. «Білім беру жүйесіндегі реформалар тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
3. «Отбасы және махалла тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
4. «Әскери-патриоттық тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
5. «Ұлттық құндылықтар тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
6. «Салауатты өмір салты және спорт тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
7. «Әлеуметтік-экономикалық реформалар тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
8. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері тақырыбындғы ең үздік материалдар үшін»
9. «Ең белсенді теле және радио жүргізушісі»
10. «2022 жылы жарық көрген үздік публицистикалық кітап үшін»
11 «Үздік фоторепортаж үшін»
12. «Экологиялық мәселелері кеңінен қамтыған ең үздік материалдар үшін».
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне:
Байқаудың ұлттық бас жүлдегеріне арнайы диплом, «Алтын қалам» мүсіні және автокөлік салтанатты түрде табысталады.
Бірінші орын иегерлері диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептік көрсеткіштің 200 еселенген көлемінде ақшалай сыйлық;
Екінші орын алған жеңімпаздар диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептік көрсеткіштің 175 еселенген ақшалай сыйлығымен марапатталады;
Үшінші орын иегерлері диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептік көрсеткіштің 150 еселенген көлемінде ақшалай сыйлық алады;
Конкурстық номинациялардың жеңімпаздары диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Байқауда 2022 жыл 31 наурыздан 2023 жылғы 31 наурызға дейін баспа және интернет басылымдарында жарияланған, радио және теледидарда эфирге шыққан 5-7 материал қаралады.
Байқауға шығармашылық жұмыстар Өзбекстан Журналистер одағының аймақтық филиалдары арқылы, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Өзбекстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері арқылы, сондай-ақ тікелей авторлардан конкурс жарияланған күннен бастап осы жылдың 15 сәуіріне дейін электронды түрде қабылданады.
Бұл процесте материалдар баспасөзде (PDF-файлда, әр материал бөлек-бөлек);
интернет-басылымдардағы материалдардың сілтемесін (линк, сілтемесі) көрсете отырып;
теледидар бойынша бейнематериалдар (3 минуттан 30 минутқа дейін телеграм форматында (аннотациямен, қысқаша мәлімдемемен);
радио бағыты бойынша аудио материалдар (3 минуттан 30 минутқа дейін, аннотациясы, қысқаша мазмұнымен);
фотожурналистика санатындағы шығармашылық жұмыстар (JPEG, TIFF және PNG форматында аннотациясы және қысқаша мазмұнымен);
Өзбекстан Журналистер одағының (99-466-10-25) нөмірі бойынша ашылған телеграмға (O‘zbekiston Jurnalistlar uyushmasi) жіберуді сұраймыз.
Байқауға редакция, теле немесе радио канал және шығармашылық ұжымдар команда болып қатыса алады. Бұл процесте жоғарыда аталған процедуралар қатаң сақталады.
Байқауға «2022 жылы жарық көрген ең жақсы көркем публицистикалық кітап үшін» номинациясы бойынша қатысуға ниет білдіргендер кітабының бір данасын Өзбекстан Журналистер одағына береді.
Конкурсқа жіберілген шығармашылық жұмыстарға келесі құжаттар қоса беріледі:
- автор және оның кәсіби қызметі туралы қысқаша мәлімет (объективка);
- автордың төлқұжатының көшірмесі, телефон нөмері.
Анықтама үшін телефондар: 71 244-62-89, 71-244-64-62