Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Алтын қалам» ХV ұлттық жүлдесі бойынша жеңімпаздар марапатталды
22:58 / 2021-05-03

Ташкентте 3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні, журналистика саласы бойынша «Алтын қалам» ХV ұлттық жүлдесі жеңімпазарын марапаттау рәсімі өтті.

Онда, Журналистика саласындағы бас жүлде – «Янги Узбекистон» газетінің бас редакторы Салим Дониёров және «Dunyo» ақпараттық агенттігі директоры Садриддин Суяровқа нәсіп етті.

Телевидение бойынша үздік журналистік материал үшін – 1-орын, Улуғбек Раҳмонқулов (Өзбекстан 24), Амирхон Пулатов.

Радио бойынша үздік журналистік материал үшін – 1-орын, Наргиза Кулматова.

Баспасөз бойынша үздік журналистік материал үшін – 1-орын, «Хуррият» газеті ұжымына табысталды.

Интернет журналистіка бойынша үздік мақала – 1-орын, Аброр Зоҳидов (кун.уз сайты), 2-орын Абдужалол Тайпатов (ӨзА ақпараттық агенттігі), 3-орын Олия Таишева (нуз.уз сайты).

«Шетелдік журналистің Өзбекстан туралы үздік мақаласы үшін» номинациясы бойынша:

1 орын Рузубай Акурен / RuzubayAkoren

(Түркия Республикасы), «Business Turk» журналының бас редакторы.

2 орын 1. Атобек Ғоибов

(Тәжікстан Республикасы),ТР Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитетінің «Тәжік даусы» радиосының өзбек бөлімі аға редакторы.

2. Биргит Ветцель

(Германия Федеративті Республикасы), NDR TV, «Deutschlandfunk» радиостанциясы және «Zentralasien-Analysen» журналының Орталық Азия бойынша экономикалық сарапшысы.

3. Дилшода Рахматова

(Ресей Федерациясы), «Sputnik» сайтының Өзбекстандағы тілшісі.

4. Жасын Біркенов

(Қазақстан Республикасы), «Хабар» телеарнасының Өзбекстандағы меншікті тілшісі.