Алтын допқа үміткерлердің болжамды рейтингі жарияланды
Британдық танымал Goal.com интернет-порталы «Алтын доп» үшін күрестегі ТОП-10 басты үміткерлер рейтингін жариялады. Алты рет «Алтын допты» иеленген Месси бесінші шептен көрінсе, марапаттың бес дүркін иегері Криштиану Роналду рейтингтің оныншы сатысынан орын алған.
Хабарыңыз болса, пандемияға байланысты өткен жылы бұл марапат табысталмады. Өйткені ұйымдастырушы «France Football» журналы, коронавирустық жағдайдың өзгеруіне байланысты жеңімпазды анықтауда әділетті дауыс жинау мүмкін емес, деп жоспардан алынғанын мәлімдеген.
Goal басылымы 2021 жылда «Алтын допқа» басты үміткер ретінде жақында ғана Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен «Челси» клубының жартылай қорғаушысы Нголо Канте алатынын болжаған.
Кейінгі орындарда:
2. Килиан Мбаппе
3. Роберт Левандовски
4. Кевин де Брюйне
5. Лионель Месси
6. Рубен Диаш
7. Ромелу Лукаку
8. Карим Бензема
9. Фил Фоден
10. Криштиану Роналду
1956 жылы негізі қаланған айтулы марапаттың ең кейінгі жүлдегері «Барселона» капитаны Леонель Месси.