Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алматыдағы атыс: Он жетінші қабаттан секірген күдікті мерт болды
00:02 / 2021-04-25

24 сәуірде Алматы қаласындағы «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде болған атыс салдарынан бір күзетші жарақат алды. Ал қылмыскер он жетінші қабаттан секіріп мерт болған.

«ҚазАқпарат» агенттігінің Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сілтеме жасаған хабарында, «оқиға барысында тұрғын үй кешенінің бір күзетшісі жарақат алғанын хабарлаймыз. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қылмыс жасаған күдікті 17-қабаттан секіріп, мерт болды. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 4 бригадасы кезекшілік етті. Зардап шеккендер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымына жеткізілді. Олардың жай-күйі жайында ақпарат қосымша жарияланады» делінген.

Оқиғаның мән-жайы бойынша, бүгін Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған. Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған. Қазір күзетші ауруханада. Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүргізген, бірақ қарулы адам келіссөзден бас тартып, оған қоса ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Кейіннен қарулы адам қолға алу кезінде он жетінші қабаттың терезесінен секіріп мерт болғаны айтылады.