Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
Қазақстанның Алматы қаласында хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келген.
«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы — 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22–де жойылды», — деп хабарлады департаменттен делінген kazinform хабарламасында.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылған. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.
Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.