Алматыда үлкен бокс кеші өтеді
Бокс кешін MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы мен D4G промоутерлік орталығы бірлесіп ұйымдастыруда
28 наурыз күні Алматы қаласындағы «Халық Арена» сарйында үлкен бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы Instagram парақшасында бокс жанкүйерлерін қызықты шара күтіп тұрғанын хабарлады. Компания D4G промоутерлік орталығымен бірлесіп 28 наурыз күні Алматыда «Nauryz Fight Night» ауқымды бокс кешін ұйымдастырады. Шара «Халық Аренада» өтеді.
Қатысатын боксшылардың тізімі мынадай:
- Жанқош Тұрар (24-0, 17 КО) — жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental чемпионы;
- Тұрсынбай Құлахмет — Азия чемпионы және әлем чемпионаты жүлдесінің дебютанты;
- Фазлиддин Гайбназаров (Өзбекстан, 8-1, 5 KO) — 2016 жылы Риода өткен Олимпиада чемпионы;
- Мухаммад Васим (Пәкістан, 10-1, 7 КО);
- Абай Төлеш (5-0, 3 КО) –
- Хуршид Тожибаев (4-0, 2 КО)
- Әли Балоев (9-0, 7 КО);
- Әбілқайыр Шегалиев (8-0, 4 КО);
- Рай Сейтжанов (2-0);
- Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO).
Қазірге қарсыластардың толық құрамы анықталмағанға байланысты олардың барлық тізімі жарияланбаған.