Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алматыда белгілі өзбек суретшісінің көрмесі ашылды
19:18 / 2023-09-11

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер мұражайында белгілі өзбек суретшісі Гули Громованың жеке көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына белгілі суретшілер, Алматыда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, қалың жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Гүли Громованың шығармашылығы бейнелеу өнерін сүйер қазақ қауымына жақсы таныс. Оның бұған дейінгі көрмелері Өзбекстан мен Қазақстан арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, суретшінің салған жұмыстары әлемнің көптеген көркем галереяларынан орын алған.

Гүли Громованың бүгінгі заман жетістіктеріне, адам өмірінің барлық салаларына әсер еткен жаһандық өзгерістерге арналған қылқалам туындылары мен шеберлігі өнертанушылар тарапынан жоғары бағаланды.

Бұл көрменің ашылуы Алматы қонақтары мен тұрғындарын Өзбекстанның заманауи өнерімен таныстыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Қазақстанның Мемлекеттік өнер мұражайындағы көрме 18 қыркүйекке дейін жалғасады.