Алматыда атыс болып бес адам қаза тапты
Қазақстанның Алматы қаласында атыс болып, салдарынан бес адам қаза тапты.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» ықшамауданында болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған Д. есімді азамат оқ атты.
Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.
«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде»,-деп хабарлаған полиция.