Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды
4 наурыз сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі болды.
KAZINFORM мәліметінше, осы жағдайға байланысты Алматы облысындағы барлық мектеп қашықтан оқуға көшіп, Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км.
«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониторинг жүргізіліп жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.